hellСіз құтқарылдыңыз ба?

«Неден құтқарылдым? Маған не үшін құтқарылу керек?» деп сұрауыңыз мүмкін

Сіздің тозақ туралы естігеніңіз бар ма? Келе жатқан қиямет күні туралы? Мүмкін бұл сөздер Сізге ертегі сияқты, біздің материалдық заманымызда шынайы емес сияқты естілер. Болмаса, сіз шын мәнінде осы жайлы ойланып та көрген шығарсыз, немесе Сіздің дініңіз сол туралы кейде айтып тұратын шығар.

Сол үшін Сізден тағы бір нәрсені сұрауға рұқсат етіңіз – «сіз тозақтан құтқарылдыңыз ба?» Бар болса, барлығы да көкке барғысы келеді. Иә? Бірақ Сіз тозақтан құтқарылғансыз ба? Өлгеннен кейін СІЗБЕН не болмақ? Бұл маңызды сұрақтар. Сізде бұл сұрақтарға жауабыңыз бар ма?

Мұхаметтің өзі де өлгеннен кейін өзімен не болатынын білмеген. Алла оған Сүренің 46:9-да: «Оларға: «Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын» де».

Иса Мәсіхтің не дегенін Сіз білесіз бе? «Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.» (Жохан 5:24). Адам сенімді бола алады! Киелі Жазба былай дейді, (Құдай) адамға оның күнәларын кешіргені туралы БІЛЕ АЛАДЫ, және өлгеннен кейін ол жұмақта болатыны туралы оған мәлім!

Мүмкін біреу «Қалай ғана күнәларыма кешірім алып, мәңгі өмірге ие болсам екен » – деп сұрақ қояр. Жазбаның Ефестіктерге хатында 2:8,9 тиянақты айтылған «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл – өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.» Сіз өз құтқарылуыңызды ешқандай іс-әрекетпен немесе салт жораларымен ТАБА АЛМАЙСЫЗ. Тек сенім арқылы ғана.

Енді ең маңыздысы – Кімге сену арқылы? Біз Құдайға сөз кезегін берейік. Ол Киелі Кітапта Римдіктерге 10:9,13 аяттарында былай деген екен – «Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың….Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған».

Киелі де Әділ Құдайдың алдында Сіз Өзіңіздің күнәларыңызға өкінесіз бе? Иса Мәсіхке Бірыңғай Құдай және Құтқарушы ретінде Сенім артасыз ба? Егер иә десеңіз – Өзіңіздің жүрегіңіздегі Құдай Иса Мәсіхке Оның өлімі, жерленгені мен қайта тірілгеніне сенім артып, Құдайдан Сізді кешіріп, Сізге мәңгілік өмірді берсін деп сиыныңыз.

Егер Сіздің жауабыңыз – «Жоқ» болса, онда Киелі Жазба Сізді ескертті – «Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған. Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды» (Жохан 3:35,36). Егер Сіз Иса Мәсіхті өз Құтқарушым деп қабылдамай, Өз күнәларыңызбен өлсеңіз, Құдай былай дейді – «Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды» (Аян 20:15).

Сіздің осы ақиқаттар жайлы терең ойланып көруіңіз үшін, біз сиынамыз. Егер Сіз не істеу қажет екеніне сенімсіз болсаңыз – Құдайдан Оның ақиқатын көрсетіп беруін сұраңыз. Қоран мен Киелі Кітапты салыстырыңыз (оларды біздің сайтымыздан оқи аласыз), аудио Киелі Кітабын тыңдап көріңіз де, Өз сұрақтарыңызға Сіз жауаптарыңызды табасыз. Сонымен бірге, назарларыңызға шағын КІТАПТЫ ұсынамыз (жасалынды.) және бетін көру – НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК.

Құдіретті Құдай Сізге жар болып, Өзінің құтқарылу Ақиқатын Сізге ашып берсін.