Киелі Кітап VS Қоран

Кітаптың pdf көшірмесін көшіріп алу

Кіріспе

Соңғы бірнеше жыл бойы мен Қоранды зерттеп оқыдым. Назар аударарлықтай және қызған айтыстың көзі болып саналатын Ислам діні, кеңінен тарлған және өскелең діндердің бірі. Соңғы 60 жылдың ішінде бір жағынан мұсылмандар және екінші жағынан яһуди мен мәсіхшілердің арасындағы болған сан алуан шиеленістердің куәгерлері болдық. Көптеген атақты адамдар Исламды қабылдап және жыл сайын мұсылман болып кетіп жатқан еуропалықтар мен американдықтардың саны көбейіп жатыр. Ислам дін мамандарының Қоранның Шынайы Құдайдың Сөзі және Исламның – «Соңғы Дін» деп қатты хабарлап жатқандары, өз қағидаттары мен Дүниежүзілік Халифаттың құрылғанын көздеп жүргенін білдіреді.

Мұсылман боламын деушілерге, мен зейн қойып Қоран мен Киелі Кітапты қатар оқып шығуға кеңес беремін.

Қоранда Киелі кітаптағы оқиғалар суреттелгендіктен, олар Киелі Кітаптағы қатарлас сипаттамалармен бірге салыстырылуы қажет

Мен осы міндетті өз кітабымда орындауға тырыстым, сондықтан Қоран мен Киелі Кітаптың түйісуі мен айырмашылығын зерттегенде бұл еңбекті ыңғайлы құрал ретінде қолдануға болады деп үміт артамын. Сонымен бірге, кітап оқырманы екі Кітаптардың дереккөзін түсініп, осы беттерден Шындықты таба алатынына сенемін.

Сондай-ақ кітаптың ішіне мен Киелі Кітап пен Інжілдегі Апокрифтердің салыстырмалы үзінділерін бірінші бөліміне енгіздім. Апокрифтердің Жазба Қағидасына неліктен кірмегенін және бір қатар христиандық ағымдардағы кейбір дәстүрлер қайдан бастау алатынын көре білетіндеріңізге үміттенемін.

 

Жасалынды.
Көптеген діндер Сіздерге Киелі Кітап туралы айта бермейді

Сіз – жай ғана тән мен қан болып қоймай, одан артығырақсыз; Сіз әйтеуір мәңгі бір жерде тұратын боласыз; Құдай Өзінің құтқарылу міндетінде Сіздің мәңгілігіңізді Өз қол астына алғысы келеді!
Егер Сіз еркетай болып, сыйлықтарды жақсы көрсеңіз, егер мәңгілікте қайда болатыныңыз Сізді толғандырса және Киелі Кітаптың ақиқатты жолдауын танып білгіңіз келе ме, онда Сізге бұл кітапты оқып шығу керек!
Мәңгілікті Сіз қайда өткізесіз? Бұл сұрақтың жауабын біліп алғаныңыз қажет…

Кітаптың pdf көшірмесін көшіріп алу