audiobible1

Бұл сайтты жасап шығарған адамдардың көздеген басты мақсаты: Киелі Кітапты Орта Азия тілдеріне түсінікті етіп шығару. Бір кездері Иса Мәсіх былай деген екен – «Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді» «…Сенің сөзің – шындық.» Жохан 8:32; 17:17б. Бұл деген өте салмақты пайымдау. Біз сіздерді аудио Киелі Кітабы арқылы шындықты табуға шақырамыз.

Біз сіздерге Жохан жазған Ізгі хабарынан бастасаңыздар деген кеңес береміз. Ол Құдайдың Өз Ұлы Иса Мәсіхте бүкіл адамзатқа және де өзіңізге арналған түпкі ойының мәнін түсінуге көмектеседі.

Өмірде біз көптеген сұрақтарға кезігеміз. Бірақ, солардың ішіндегі ең маңыздысы – ол мәңгілікте бізді не күтіп тұр? -деген сұрақ шығар. Біздің кім екенімізге қарамастан, қайда тұрып жатқанымызға қарамастан, біздің қай тілде сөйлеп жүргенімізге, болмаса қай дінді ұстанып жүргенімізге қарамастан—бәріміз де о дүниелік боламыз. Бірақ өлгеннен кейін бізбен не болады? Сондықтан Киелі Кітапты тыңдап, осындай маңызды сұрақтарға кітаптан жауаптар алуларыңыз үшін шақырып тұрмыз.

Біреулер былай— «Киелі Кітап бұрмаланған. Оны жүздеген рет көшіріп жазған. Шынайы Таурат пен шынайы Інжіл жоғалан» -деп айтуы мүмкін. Бірақ сіздер қайдан білесіздер? Біреулер солай айтқандықтан ба? Мүмкін, Киелі Кітап туралы естіген нәрселердің бәрін қойып, шындықты іздеп, өз көздеріңіздің жететін уақыты келген шығар енді?

Тағы біреулер — «Бұл менің дінім емес! Менің дінім басқа. Маған бұл кітапты оқыма деген»-деп айтуы мүмкін. Сонда, Сіз күндердің күнінде өзіңізден сұрап көрдіңіз бе—«Ал егер мен қателессем ше?». Біз сіздің жүрегіңізде күмән туғызып жатқанымыз жоқ, біз жай ғана Иса мәсіх айтып кеткендей, Сізді «Жазбаларды зерттеуге» шақырамыз. Сіздің мәңгілігіңіз Бірыңғай Шынайы Жаратқанды қабылдағаныңызбен байланысты.

Аудио Киелі Кітапты тыңдай бастаңыздар…..

Қазақша Аудио Киелі Кітап

Өзбекше Аудио Киелі Кітап

Қырғыз Аудио Киелі Кітабы

Қарақалпақ Аудио Киелі Кітабы

(Тәжікше) Парсы Аудио Киелі Кітап

Түркмен Аудио Киелі Кітап

Ұйғырша Аудио Киелі Кітап

Орысша Аудио Киелі Кітап